2017 жылдың 21 шілдесінде, "МӘСҚ" АҚ мамандары, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Кәсіпкерлер Палатасымен бірлесіп, «Центральный Дом Бухгалтер» ЖШС-нің кәсіби салық кеңесшілерімен ынтымақтастық негізінде «2017 жылдың 1 шілдесіндегі Салық заңнамасындағы өзгерістер» бойынша түсіндіру бағытындағы семинарға қатысты.

Семинар барысында 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енген Салық кодексіндегі негізгі енгізілген өзгерістер бойынша және Міндетті Әлеуметтік Медициналық Сақтандыру мен 200.00 және 910.00 салық есептілігінің нысандарына сәйкес өзгерістеріне байланысты шолу жасалынды.

Сондай-ақ, іс-шарада Салық кодексіндегі салықтық тексерулер бойынша тақырыптарға қатысты өзгерістер талқыланды.

Бұл іс-шараға 1 145 адам қатысты, салық төлеушілер тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жауап беріледі.

Наверх