2018 жылдың 30 қарашасында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиналысқа қатысты. Іс – шараны ашу барысында «МӘСҚ» АҚ Президенті Сәуле Дюсенова барлық қатысушыларды басшылық атынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтап, бұл күннің әрбір қазақстандық үшін аса маңызы бар екенін атап өтті. Мерекелік шарада Елбасының егемен елді қалыптастыру жолындағы ерен еңбегін айшықтайтын арнайы деректі фильм көрсетіліп, баяндама оқылды.Шара барысында МӘСҚ қызметкерлеріне викториналық сұрақтар қойылып Елбасы мен Қазақстан Республикасы туралы ақпараттарды жетік білетінің дәлелдеді.

 Мерекенің мақсаты Тұңғыш президенттің Республика және ел алдында сіңірген ерен еңбегін бағалау.

1991 жылдың 1 желтоқсанында алғаш рет біздің мемлекетіміздің тарихында Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы өтті, нәтижесінде Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірауыздан Мемлекет Басшысы болып сайланды. Өздерінің Көшбасшысын таңдай отырып, қазақстандықтар тұрақтылықты, дамуды және кәсібилікті басымдылық ретінде анықтай отырып, өз таңдауын жасады. Бұл күн барлық қазақстандықтар үшін тарихи сайлаудың бірлігін бейнелейді және Қазақстан халқының Тұңғыш Президентіне және Көшбасшысына үлкен сенімділік, аса сыйластық пен танымдылық ретінде жарқын айғақ болып табылады

Сіздерді Тұңғыш Президент күні мерекесі шын жүректен құттықтаймыз!

Осынау ел халқының бірлігі мен берекесін ұлықтап, мемлекеттің мерейін асыратын мереке күні Сіздерге зор денсаулық, отбасылар-ыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз!

Наверх