ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органдар тарапымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері күніне арналған «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері» байқауын өткізді.

Шара мақсаты – әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің мәртебесін арттырып, аталған саладағы ең озық тәжірибені анықтау. Байқау «Зейнетақы жүйесінің үздік қызметкері», «Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің үздік қызметкері», «Үздік әлеуметтік қызметкер», «Медициналық-әлеуметтік мекеменің үздік қызметкері», «Үздік әлеуметтік үкіметтік емес ұйым», «Жұмыспен қамту орталығының үздік қызметкері», «Әлеуметтік саланың үздік ұйымдастырушы-менеджері», «Медициналық-әлеуметтік сараптаманың үздік қызметкері» және «Үздік мемлекеттік еңбек инспекторы» атты тоғыз аталым бойынша екі кезеңде өткзілді.

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ облыстық филиалының маманы Бауыржан Қабдрахманов «Әлеуметтік сақтандыру саласының үздік қызметкері» атанып, құрмет грамотамен жəне ақшалай сыйақымен марапатталды.

Наверх