1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні.

1925 жылы Швейцарияның Женева қаласында өткен Балалардың денсаулығы мен бейбіт өмір сүруі туралы әлемдік конференцияда атаулы күннің негізі қаланды. Жаңа бастаманы көптеген елдер қолдап, осы күнді балалар мерекесіне айналдырды. Мерекенің басты мақсаты балаларды қорғап, бақытты балалық шақ сыйлау болып табылады.

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-да бұл мерекеге «Ертегі әлемі» балалар суреттерінің конкурсы мен ән байқауы ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, балалар ата-аналарының қайда жұмыс істейтінін өз көздерімен көріп, еліміздің маңызды әлеуметтік институттарының бірінің жұмысы қалай ұйымдастырылғанын білді және әртүрлі кәсіптермен танысты.

Мемлекет тарапынан балалардың бейбіт өмір сүруіне, алаңсыз оқып, сүйікті ісімен айналысуына барлық жағдай жасалуда. Мемлекет үшін балалардың құқығы мен мүддесін қорғау – ең басым міндеттердің бірі болып табылады, себебі одан біздің еліміздің болашағы, оның демографиялық мәртебесі және еңбек әлеуеті артады.

Ана мен баланы қорғау Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының басты бағыттарының бірі. Қордан ана мен баланы қорғауға бірнеше әлеуметтік төлемдер қарастырылған. Оның ішінде бала бір жасқа толғанға дейінгі төленетін әлеуметтік төлемді атап өту жөн. 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап осы уақытқа дейін МӘСҚ бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты 2 млн. жуық адам жалпы сомасы 546 млрд.теңгеге жуық әлеуметтік төлем алды.

В этот веселый и радостный праздник поздравляем всех детей Казахстана с праздником! Пусть детские улыбки освещают нашу страну и каждый из маленьких обитателей нашей земли будет здоровым и счастливым!

Наверх