Біздің елімізде жыл сайын 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні өткізіледі.

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-да бұл мерекеге «Астана-балалық шақтың қаласы» балалар суреттерінің конкурсы ұйымдастырылды.

Конкурсқа 5-12 жас аралығындағы балалардың суреттері және, бастырмалары қатысты. Жұмыстар өзінің әртүрлілігімен таң қалдырды және үздігін таңдау қиынға соқты. Жұмыстың сапасы да, пайдаланған техника да, орындау тәсілі де ескерілді. Бірақ ең басты жұмыстың балалар жасының сәйкестігіне назар аударылды.

Балаларға мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды, тәттілермен дәм татқызды және ескерту сыйлықтары тартылды. Шара барысында балалар би билеп, ойын ойнап, ән салды.

Сондай-ақ, балалар ата-аналарының қайда жұмыс істейтінін өз көздерімен көрді, еліміздің маңызды әлеуметтік институттарының бірінің жұмысы қалай ұйымдастырылғанын білді және әртүрлі кәсіптермен танысты.

Наверх