2019 жылдың 18-20 сәуірінде Ташкент қаласында (Өзбекстан) «Өзбекстан Республикасының зейнетақы жүйесін реформалау және шет елдердің тәжірибесі» атты халықаралық конференциясы өтті.

Конференция жұмысына Әзірбайжан, Армения, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей зейнетақы, әлеуметтік қорлары мен мекемелерінің басшылары, сарапшылары қатысты.

Конференция қатысушыларының алдында баяндап, «МӘСҚ» АҚ Басқарушы директоры Марат Жәнібеков әлеуметтік сала әрқашанда барлық қоғамның басты кілті болып табылады, сондықтан азаматтарды әлеуметтік қорғау тиімділігі – заманға сай мемлекеттің дамуының және қалыптасуының басты нышаны болып табылатын атап өтті.

Сондай-ақ, ол «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заң жобасының жаңа редакциясы шеңберінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде жоспарланып отырған параметрлік өзгерістерді ұсынды.

Қатысушылар зейнетақылық сақтандырудын тиімді институттарын құруға бағытталған мемлекеттік зейнетақы бағдарламаларын әзірлеу сұрақтарын қарастырды.

Конференция басқа елдерде зейнетақы жүйесі мәселелері қалай шешілетінін көрсетті, ал конференцияға қатысушылар жағынан ұсынылған материалдар тәжірибемен алмасуға септігін тигізді және зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыруды одан әрі қалыптастыруда оны қолдану мүмкіндіктерін көрсетті.

Конференцияда Өзбекстан Республикасының бейінді министрліктерінің басшылары сөз сөйлеп, елдегі зейнетақы реформасының тұжырымдамасы туралы айтты.

Наверх