Ана мен баланы қолдау Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың басты басымдығының бірі болып табылады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (МӘСҚ) төленетін әлеуметтік төлемдердің 87 % жүктілігіне және босануына байланысты және бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төлемдер болып табылады. Тек 2017 жылы ғана бұл әлеуметтік төлемдер түрі бойынша 615 мыңнан астам қазақстандықтар 137 млрд. теңге сомасына төлем алды.

Әртүрлі зерттеулердің нәтижесіне жүгінетін болсақ, жүктіліктің жақсы өтуіне маңызды фактордың бірі ретінде ертеңгі күнге деген сенімділік болып табылады.

Болашақ аналардың осындай маңызды әрі қуанышты өмір кезеңінде қолдау көрсету мақсатында МӘСҚ жүкті әйелдерге «Әр ананың білуі маңызды» атты семинар өткізеді.  

Шара 2018 жылдың 5 наурызында «Нұрсәулет-2» БО 2-қабатында 11 ден 13.00 сағат аралығында өткізіледі. Барлық болашақ аналар мен аналарды шақырамыз. Кездесу барысында мамандар жүктілікке және босануға байланысты және бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдерді алу тәртібі мен ерекшеліктері туралы түсіндірмелер береді, жүктілерге арналған йога туралы айтады, емізу бойынша кеңестер береді және болашақ аналарға тренингтер өткізеді.

Мамандардың көмегі, қызықты тақырыптарға әңгімелесу және қажетті кеңестер болашақ аналарға пайдалы болатынына сенімдіміз!

Наверх