Қазан айының соңғы жексенбісі Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі

 

Қазан айының соңғы жексенбісі Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Халықтын әл-ауқатын жақсартып, зәру жандарға көмек беріп, қолдау көрсетіп жүрген маман иелерін төл мерекелерімен құттықтап, зор деңсаулық, ашық аспан, жұмыстарына сәттілік тілейміз!

Осы мерекеге сәйкес "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ басшылығы онлайн форматында филиалдарымен салтанатты жиын өткізіп, әріптестерін құттықтап, халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі жоғары кәсіби деңгейі мен қажырлы, адал еңбегі үшін келесі қызметкерлерді марапаттады:

1. «ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫҢ ҮЗДІГІ» төс белгісімен:

- Уалиев Ахат Амангельдинович, Шығыс Қазақстан облысы бойынша МӘСҚ филиалының бас маманы;

- Уалиев Ахат Амангельдинович, Шығыс Қазақстан облысы бойынша МӘСҚ филиалының бас маманы;

- Рахимбердинов Руслан Абаевич, МӘСҚ электронды тағайындауларға мониторинг департаментінің маманы;

- Аубакиров Руслан Темирханович, Ақмола облысы бойынша МӘСҚ филиалының заңгері.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Құрмет грамотасымен:

Шегай Ольга Викторовна, МӘСҚ құқықтық қамсыздандыру департаментінің директоры;

- Бекмагамбетова Балгын Сатбековна, МӘСҚ әлеуметтік аударымдарға талдау және төлеушілермен жұмыс департаментінің бас маманы;

- Карабалина Айжан Аманжоловна, Батыс Қазақстан облысы бойынша МӘСҚ филиалының заңгері;

- Токсангазина Самал Каржасовна, МӘСҚ стратегия және даму департаментінің бас маманы.

3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Алғыс хатымен:

- Сексенбаева Карлыгаш Лесовна, облысы бойынша МӘСҚ филиалының бас маманы;

- Балуанбеков Рауан Жайлауханович, Алматы облысы бойынша МӘСҚ филиалының бас маманы;

- Кутжанова Алмажай Жаксымуратовна, Маңғыстау облысы бойынша МӘСҚ филиалының заңгері;

- Ниязов Асылжан Нуржанович, Түркістан облысы бойынша МӘСҚ филиалының бас маманы;

- Табылдиева Айжамал Тугелбаевна, Шымкент қаласы бойынша МӘСҚ филиалының бас маманы.

4. МӘСҚ Құрмет грамотасымен:

- Капенова Айгуль Абуталиповна, Павлодар облысы бойынша МӘСҚ филиалының директоры;

- Крыкпаева Марийка Нургалиевна, Алматы қаласы бойынша МӘСҚ филиалы директорының орынбасары;

- Кипшакбаева Зарина Булатовна, Қызылорда облысы бойынша МӘСҚ филиалының заңгері;

- Алдан Ғалымжан Бахытжанұлы, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша МӘСҚ филиалының бас маманы;

- Байгазина Гульнара Ануаровна, МӘСҚ Ақтивтерді қолдану департаментінің бас маманы.

5. МӘСҚ Алғыс хатымен:

- Жантурганова Гульдана Нуржановна, Ақтөбе облысы бойынша МӘСҚ филиалының бас маманы;

- Шанатова Гульнар Сартаевна, Қостанай облысы бойынша МӘСҚ филиалының маманы;

- Абдрахманова Анар Сериковна, Солтүстік-Қазақстан облысы бойынша МӘСҚ филиалының маманы.

 

Наверх