Экономикасы дамыған мемлекеттерде әлеуметтік қорғау – ұлттық экономиканың маңызды бір бөлігі және барлық азаматтарды қамтитын, жан жақты ойластырылған әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін құру болып табылады және тұрғындардың әл ауқатын жақсартуға, еңбек ресурстарын кеңейтіп және нығайтып қана қоймай, сонымен бірге экономикалық өсімге және саяси және әлеуметтік жағдайларды тұрақтандыруға алып келеді.

Қазақстанда тәуелсіздік жылдары Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында және стратегиялық құжаттарда айтылатын қоғамдық ынтымақтастық пен әлеуметтік әділеттілік принциптері ескерілген халықты әлеуметтік қорғаудың моделдері жетілдіріп отырылады.  

Индустриясы дамыған елдерде соңғы жүз жылда халықты әлеуметтік қорғаудың базалық институты – зейнетақы, медициналық, өндірістегі жазатайым оқиғалардан және кәсіптік аурулардан, уақытша еңбекке жарамсыздығына, жұмыссыздығына байланысты жағдайларды қамтитын міндетті әлеуметтік сақтандыру институты болып табылады.

Құқықтық мемлекет пен ынтымақтастықтың, адам құқығының доктринасы Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) әлеуметтік қамсыздандыру (әлеуметтік қорғау) концепциясында жақсы дамыған.

ХЕҰ әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде әлеуметтік сақтандыру шараларының негізгі мақсаттарына:

  • жоғалтқан табысының кепілдендірілген және адекватты орнын толтыру;
  • медициналық қызмет көрсету қызметтеріне кепілдендірілген және кең ауқымды қол жеткізу;
  • кепілдендірілген негізгі қаржы ресурстарының болуы жатады.

Әлеуметтік сақтандыру саласында ХЕҰ ұстанымы басқа да ұжымдық әлеуметтік қамсыздандыру тәсілдерімен (мысалы, әлеуметтік көмекпен немесе фирмалық жүйелермен) салыстырғанда, бұл институт мынадай маңызды басымдықтарға ие:

  • еңбеккерлер (жарна төлеу талап етілетін) өзінің денсаулығы мен еңбек ету қабілетін қорғау процесіне материалдық және моралдық тұрғыда тартылады;
  • бір ұйым қамтамасыз ететін тек қана алдын алу, медициналық қызмет көрсету және ақша төлемдерімен шұғылданатын (сондықтан да тиімділігі жоғары) мамандандырылған сақтандыру мекемелері құрылады;
  • жарна төлейтін нақты азаматтардың құқықтарына кепілдік беріледі, ол оларды жәрдемақылар төлеуге жауап беретін органның негізсіз шешімдерінен қорғайды;
  • төлемдер сақтандыру есептеріне сәйкес, ұзақ мерзім ішінде нақты ресурстарды және шығындарды бөлу жолымен кепілдендіріледі.

Әлеуметтік сақтандыруда қол жеткізілетін, негізгі қаржы ресурстарының кепілдіктерімен қамтамасыз етілетін әлеуметтік қорғаудың жоғары және сенімді деңгейі. Жұмысберуші мен жұмыскер арасындағы әлеуметтік сақтандырудың әр түрі шеңберінде кепілдік берілетін қаржы жүктемелерін бөлу, олардың сақтандыру жарналарын төлеуге ұмтылуын арттырады. Мұндай бөлудің оңтайлы пропорциясы мынадай қатынастарда есептеледі: сақтандыру жарналарының 2/3 көлемі жұмыс берушілерге және 1/3 бөлігі – жұмыскерлерге тиесілі. Мысалы, Германияда еңбек ақы қорына жүктеме – 49,5 %, Францияда – 47,6%, ал Қазақстанда 31 %, оның 20%-ы жұмыскердің табысынанұсталып қалады.

Қазақстанда жұмыс беруші Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік салықтың (9,5%) бір бөлігі болып табылатын 3,5 % әлеуметтік аударымдар, сонымен қатар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 1,5 % аударым төлейді. Осылайша, Жұмыс беруші өзінің қаражаты есебінен әр бір жұмыскерге 11 % әлеуметтік төлем төлейді.

2018 жылы Қазақстанда орташа айлық табысқа (ОАТ) ең төменгі жалақының (ЕТЖ) қатынасы 2018 жылы 20 %-дай және 2019 жылы 23 % болды. Бұл көрсеткіш дамыған елдерде 35 % және 55 % құрайды.

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсартуға, экономикалық процестерге қатысушылар арасындағы қайшылықтарды жеңілдетуге бағытталуы қажет.

Қазақстандағы және әлемдегі болып жатқан өзгерістердің ауқымы мен қарқыны әлеуметтік жаңғыртуды жеделдетуді талап етеді. Әлеуметтік жаңғырту себептерінің бірі ретінде қандай да бір қиындықтар мен жағдайларға қарамастан өзінің өмірін құруға қабілетті адамның еңбекке деген ерекше көзқарасын қалыптастыру болып табылады. 

Азаматтың еңбекке деген көзқарасы қоғам дамуының, оның жетілуі мен прогреске деген қабілетінің маңызды индикаторы болып табылады. Тек еңбек қана адамның ар намысы мен әлеуметтік құндылығының басты көрсеткіші болып табылады. Мұнсыз экономика дамуының талаптары мен әлеуметтік жаңғырту міндеттеріне сәйкес келетін жұмыскерді қалыптастыру мүмкін емес.

Бұл құндылықтарды біз қазақстандықтардың негізгі уәждемелік құралы бола білетін және олардың әлеуметтік жаңғыру міндеттерін шешуге жұмылдыру болып табылатын жаңару идеологиясының құрамдас бөлігі ретінде қарастырамыз.

Қазақстанда 2005 жылдан бастап, еңбек ету қабілетінен айырылған;

асыраушысынан айырылған; жұмысынан айырылған; жүктілігіне және босануына; жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылған; бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайларда жұмыс істейтін халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша түрі болып табылатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілді.

Жүйе жұмыс істеген жылдардан бері әлеуметтік төлемдерді тағайындау параметрлері түбегейлі қайта қарастырылмады. Осыған байланысты, 2018 жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңының жаңа редакциядағы жобасы әзірленіп, онда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін еңбек ету қабілетінен айырылуы, жұмысынан айырылуы, асыраушысынан айырылуы жағдайларына әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру көзделіп отыр.   

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін жетілдірудің негізгі мақсаты:

  • міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі қатысу өтілі мен әлеуметтік төлемдер мөлшерінің арасындағы өз ара байланысты күшейту;
  • жұмыс істейтін азаматтардың әлеуметтік қорғалуын арттыру;
  • азаматтардың заңды еңбекпен қамтылу мүддесін және еңбекке ынталандыруды күшейту болып табылады.

Қазіргі уақытта ынтымақтастық пен әділеттілік принциптеріне негізделген Қазақстанның әлеуметтік сақтандыру жүйесі заматтың денсаулығына, жасына, жынысына, және тұрғылықты жеріне байланыссыз оның қатысушыларына теңдей мүмкіндіктер мен құқықтар беруге бағытталған.

В заключение в канун профессионального праздника дня работников социальной защиты хочу поздравить коллег и пожелать им успехов в деле реализации задач социальной политики нашего государства, дальнейшего совершенствования форм и методов социальной работы.

                                                                                          "МӘСҚ" АҚ бас директоры

                                                                                     Құрманов Алмас Мұхаметкәрімұлы

Наверх