2018 жылдың 26-27 қыркүйегінде Армения Республикасында Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығы, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің әлеуметтік және зейнетақы ұйымдарының өкілдерімен қатысуымен «Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы электрондық қызметтер мен электрондық сервистер» атты тақырыбында халықаралық конференция өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушы- Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығы және Арменияның әлеуметтік қамсыздандыру қызметі.

Конференция тақырыбы барлық елдер үшін өзекті болып табылады. Бүгінгі ауқыттың өзекті проблемалардың бірі - әлеуметтік жүйені жетілдіру болып табылады. Оны жаңғырту барысында ақпараттық технологиялар маңызды орын алады. Олардың көмегімен ақпаратты өңдеу процестерін жақсартуға және автоматтандыруға болады. Жыл сайын әлеуметтік сала мамандарының арасында бірлескен іс-қимылдарды үйлестіру үшін халыққа кешенді қызмет көрсету үшін барлық деңгейдегі жұмысты ықпалдастыру қажеттілігін түсіну өсіп келеді.

Конференция қатысушыларының алдында қатыса отырып, «МӘСҚ» АҚ Вице-Президенті Марат Жәнібеков әлеуметтік сала әрқашанда барлық қоғамның басты кілті болып табылады, сондықтан азаматтарды әлеуметтік қорғау тиімділігі – заманға сай мемлекеттің дамуының және қалыптасуының басты нышаны болып табылатын атап өтті.

Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану халыққа әлеуметтік қызмет көрсетудің тиімділігі мен сапасын арттыруға; азаматтарды дербес есепке алуды қамтамасыз етуге және атаулылық негізінде халықты әлеуметтік қолдауды күшейтуге; сондай-ақ әлеуметтік саясатты іске асыру кезінде бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Конференция аясында түрлі деңгейдегі мамандар арасында кәсіби тәжірибемен алмасу өтті.

Наверх