Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының www.gfss.kz сайтындағы «Әлеуметтік калькулятор» қызметінің комегімен, Сіз МӘСҚ-нан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін санай аласыз.

Қызмет әр адамның жеке мәліметі негізінде әлеуметтік төлем сомасын аңықтайды.

Төлемді санау үшін қажет мәліметтер – әлеуметтік аударымдардың сомасы, қатысу өтілі, табыс мөлшері – автоматты түрде ақпараттық жүйелерден алынады.

Калькулятор қолдану өте қарапайым: өзінің жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) жазып, қажетті төлем түрін таңдау қажет. Санау үшін қажет ауысымды ақпараттарды - еңбек ету қбілетінен айырылу дәрежесі, асырауындағылар саны, еңбекке жарамсыздық парағы күндерінің саны және т.б. - өзінің қалауымен көрсетіледі.

Енді әр адам МӘСҚ төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін өзі санай алады. Бұл ретте төлемнің мөлшері төленетін әлеуметтік аударымдардың сомасынан және оларды төлеу мерзіміне байланысты болатынын ескеру қажет. Сондықтан әр адамға өз атына төленген әлеуметтік аударымдарды бақылау және олардың болуын қадағалау өте маңызды.

Наверх