Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының сайтында (www.gfss.kz) жаңа опция – әлеуметтік калькулятор қолжетімді.

Қызмет әр адамның жеке мәліметі негізінде әлеуметтік төлем сомасын аңықтайды. Төлемді санау үшін барлық мәліметтер – әлеуметтік аударымдардың сомасы, қатысу өтілі, табыс мөлшері – автоматты түрде ақпараттық жүйелерден алынады.

Калькулятор қолдану өте қарапайым: өзінің жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) жазып, қажетті төлем түрін таңдау қажет. Санау үшін қажет ауысымды ақпараттарды - еңбек ету қбілетінен айырылу дәрежесі, асырауындағылар саны, еңбекке жарамсыздық парағы күндерінің саны және т.б. - өзінің қалауымен көрсетіледі.

Калькулятор МӘСҚ төленетін барлық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін санайды: еңбек ету қабілетінен айрылу, асырушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктілігіне және босануына байланысты, бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты.

Енді әр адам МӘСҚ төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін өзі санай алады. Бұл ретте төлемнің мөлшері төленетін әлеуметтік аударымдардың сомасынан және оларды төлеу мерзіміне байланысты болатынын ескеру қажет. Сондықтан әр адамға өз атына төленген әлеуметтік аударымдарды бақылау және олардың болуын қадағалау өте маңызды.

Наверх