image-04-03-24-11-25

Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ұжымға «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ бас директоры Арғынғазинов Айбол Арғынғазыұлын таныстырды.

Арғынғазинов А.А. Жетісу облысында дүниеге келген.

Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің экономика факультетін, «Жоғарғы экономика мектебі» Ұлттық зерттеу университетінің (Мәскеу қ.) экономика ғылымдары факультетін тәмамдаған.

2015-2017 жылдары – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаментінің сарапшысы.

2017-2018 жылдары – «Казконтент» АҚ Талдау және мониторинг бөлімінің басшысы.

2018-2019 жылдары – «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Макроэкономикалық зерттеулер және болжамдау орталығы директорының орынбасары, Талдау және әлемдік экономика орталығының директоры.

2019 жылы – ҚР Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі.

2019-2022 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің консультанты, сектор меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысы Хатшылығының сектор меңгерушісі.

2022 жылдан ҚР Қаржы министрлігі Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры болып еңбек етті.

Наверх