Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) еліміздегі азаматтардың әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуде үнемі кең ауқымды жұмыстар атқаруда.

2018 жылдын 13 сәуірінде МӘСҚ мамандары атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсету мәселелері жөніңде Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы ұйымдастырған тұрғындарымен кездесуге қатысты.

2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап Қазақстанда жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Бұл жәрдемақы жұмыспен қамтуды белсенді ынталандыру шаралары бойынша еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің міндетті түрде қатысуын ескере отырып, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50% -нан төмен отбасыларына беріледі.

Шартсыз ақшалай көмек:

- жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын табысы аз адамдарға, белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігіне, екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруының болуына байланысты, отбасының барлық еңбекке қабілетті мүшелері бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер болып табылатын және (немесе) екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар және (немесе) жеті жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекті, бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж қартты бағып-күтуді жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға көрсетіледі. Осы жағдайдағы отбасыларға жұмыспен қамту шаралары жәрдемақы алуға қажет етпейді.

Шартты ақшалай көмек:- жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ өзінің құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері) бар табысы аз отбасыларға ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі.

Кездесу барысында қатысушыларды толғандыратын барлық сұрақтарға жауап берілді.

Наверх