2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі күшіне енеді, оны іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 229 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32897 болып тіркелген) әлеуметтік аударымдар мәселелері жөніндегі бірқатар қағидалар бекітілді.  

Қағидалар:

жұмыс берушілердің, дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен  айналысатын адамдардың әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу, сондай-ақ оларды уақтылы не толық төлемеген жағдайларда өндіріп алу тәртібін көздейді;

- артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды, оларды уақтылы не толық төлемегені үшін өсімпұлды қайтару қандай жағдайларда және қалай жүзеге асырылатынын айқындайды;

- қызметкерге, жұмыс берушіге әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпаратты алу тәртібін түсіндіреді.

 

Наверх