«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі №405-II Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2019 жылдың 01 қаңтарынан бастап бір төлеушіден түсетін әлеуметтік аударымдарды ай сайынғы ең жоғарғы есептеу объектісі ең төмен жалақының (бұдан әрі – ЕТЖ) 7-еселенген мөлшерiн құрайтынын хабарлайды.

Осылайша, 2019 жылдың 01 қаңтарынан бастап бір төлеушіден түсетін әлеуметтік аударымдарды ай сайынғы есептеу объектісі 297 500,00 теңгеден аспауы тиіс.

2019 жылдың 01 қаңтарынан бастап бір ЕТЖ мөлшері 42 500 теңгеге тең.

Бұдан басқа, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бірыңғай жинантық төлем (бұдан әрі – БЖТ) төлейтін жеке тұлғалар да міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады.

БЖТ есептеу объектісі:

  • республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда – айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) 1 еселенген мөлшері;
  • басқа елді мекендерде - АЕК 0,5 еселенген мөлшері болып табылады.

 

БТЖ сомаларын есепке жатқызу және аудару үшін деректемелер:

Бенефициар: «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ;

Бенефициар банкі: «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ;

БСН: 160440077161;

БСК: бенефициара: GCVPKZ2A;

ЖСК: бенефициара: КZ47009ESP0163609911.

Наверх