«Қызметкерлерді әлеуметтік қорғау (сақтандыру) жүйесінің мәселелері және оның даму болашағы» Дөңгелек үстеліне А.Құрмановтың қатысуы туралы

 

2021 жылдың 12-мамырында «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ (бұдан әрі - МӘСҚ) бас директоры А.Құрманов Ресейдің тәуелсіз кәсіподақтар федерациясының Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы ұйымдастырған «Жұмысшыларды әлеуметтік қорғау (сақтандыру) жүйесінің мәселелері және оның даму перспективалары» Дөңгелек үстеліне қатысты.

Дөңгелек үстелде Халықаралық еңбек ұйымының «Әлеуметтік қамсыздандырудың минималды стандарттары туралы» 102 Конвенциясының әлеуметтік саясатының қағидалары және олардың Ресей Федерациясында жүзеге асырылуы, кәрілік, мүгедектік және асыраушысынан айрылу тәуекелдерді қамтамасыз ету үшін Еуразиядағы зейнетақы бағдарламаларын қаржыландыру көздері, сондай-ақ әлеуметтік сақтандырудағы кірістер мен шығыстар арасындағы ұзақ мерзімді тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін жарналар мөлшерлемесін белгілеу жөніндегі ұлттық тәжірибелер талқыланды.

Өз сөзінде Құрманов А.М. 2001 жылы қабылданған Халықты әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы толығымен ынтымақтастық принципін шектеуліге өзгерткен Қазақстан үшін әлеуметтік саладағы қайта құрулардың негізі болғанын атап өтті.

Бүгінгі күні мемлекет әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде бюджеттен әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдерді белгіленген мөлшерде қамтамасыз етуде. Қызметкерлерді әлеуметтік сақтандыру жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады, зейнетақы жинақтары қызметкердің жарналары есебінен қалыптасады. Сондай-ақ, әлеуметтік пакеттер азаматтардың сақтандыру компанияларына ерікті жарналары есебінен жүзеге асырылуда.

Әлеуметтік тәуекелдердің 6 түрі бойынша МӘСҚ әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз етуде. 2005 жылдан 2020 жылға дейін 5,4 миллионға жуық адам МӘСҚ-дан 1,5 триллионнан астам әлеуметтік төлем алды.

Жалпы, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде жыл сайын 700 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетіледі, ал электрондық қызметтердің үлесі өткен жылы 2019 жылмен салыстырғанда 3 есеге өсті (2019 жылы 7,1% -дан 2020 жылы 24,5% -ға дейін).

Композиттік және проактивті форматтар электрондық қызметтерді дамытудың жаңа бағыттарына айналды. Мүгедектік және жұмысынан айрылу жағдайларына композиттік қызметтер көрсетілуде, яғни азаматтың мүгедектігі анықталғаннан немесе жұмыссыз ретінде тіркеуден өткеннен кейін бұл төлемдерді тағайындауға қосымша жүгіну қажеттілігі болмайды.

Қызметтерді ұсынудың проактивті форматы өтініш берушінің өтінішінсіз, sms түрінде - әлеуметтік төлем алуға келісімін растау арқылы қызмет көрсетуді көздейді. Төлем құқығына ие болу және қосымша ақпаратты қалыптастыру процессі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арасында мәліметтер алмасу арқылы жүзеге асырылуда. Бұл азаматтарға әлеуметтік кепілдіктерді жүзеге асыруға өте ыңғайлы.

Халықаралық тәжірибені ескере отырып болашақта Қазақстанда әлеуметтік қорғаудың қосымша құрамдас бөлігі ретінде кәрілікті сақтандыруды енгізу қарастырылуда.

Мұндай іс-шаралардың әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамыту перспективалары бойынша тәжірибе алмасудағы маңыздылығы аталып өтілді.

 

Наверх