Фото население 2
Население

Құрамына "МӘСҚ" АҚ Басқарушы директоры М. А. Жаныбеков кіретін мобильдік топ өз жұмысын Батыс Қазақстан облысында жалғастырды.

Орал қаласында Өз бетінше тұратын үйде мүгедектігі бар тұлғалармен, "Жайықтеплоэнерго" АҚ еңбек ұжымымен және Орал аграрлық колледжінің студенттерімен кездесулер өтті.

Мобильді топ мүшелері арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғырту, ең төменгі жалақы мөлшерін ұлғайту, азаматтарды жаппай оқыту үшін жаңа мүмкіндіктер туралы айтып берді.

Бәйтерек ауданының Дарьинское ауылы мен Теректі ауданының Федоровка ауылында мобильдік топ аудан және ауыл әкімдерімен, мәслихат депутаттарымен, жастармен және білім және медицина салаларының қызметкерлерімен кездесті. Министрлік өкілдері Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларының іске асырылу барысы және ҚР Әлеуметтік кодексі жобасының негізгі бағыттары туралы хабарлады.

Кездесулерде тұрғындарды Отбасының цифрлық картасын енгізу, зейнетақы төлемдерін және жұмысынан айрылу жағдайына әлеуметтік төлемді арттыру, сондай-ақ бала күтімі бойынша төлемнің ұзақтығын 1 жастан 1,5 жасқа дейін ұлғайту мәселелері қызықтырды.

Кездесу соңында азаматтардың жеке сұрақтары бойынша қабылдаулар өткізіліп, оларға жауаптар берілді.

 

Наверх