Бұл құқық «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңының 19-бабы 5-тармағымен бекітілген және Қағидалардың 20-тармағына сәйкес (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.06.2020 ж. № 217 бұйрығымен бекітілген) құжаттарды тексеру:

  • • әлеуметтік аударымдар уақтылы немесе толық түспеген
  • • міндетті зейнетақы жарналарының аударылған сомаларына сәйкес қызметкердің, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның табысына төленген әлеуметтік аударымдар сомаларында сәйкессіздік болған;
  • • ақпараттық жүйелердегі құжаттар мен мәліметтер сәйкес келмеген жағдайда жүзеге асырылады.

 

Бұл норма ҚР Әлеуметтік кодексінде 26-баптың 1-тармағының 5)-тармақшасына сәйкес сақталған (01.07.2023 ж.бастап күшіне енеді).  

Әлеуметтік төлемдердің мөлшері МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдарды төлеудің толықтығы мен уақтылығына тікелей байланысты болады.Сондықтан, тексеру құқығын жүзеге асыру аясында МӘСҚ әлеуметтік аударымдарды толық төлемеу фактілерін де анықтайды, бұл әлеуметтік төлемдердің мөлшерін төмендетеді,

сондай-ақ олардың мөлшерін негізсіз асыра бағалауға әкеп соғатын артық (қате) төленген аударымдар фактілерін де анықтайды.

Ағымдағы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша МӘСҚ-дан 204,9 млрд. теңге сомаға 688 мың алушыға әлеуметтік төлемдер төленді.

Наверх