фото Дуйсеновой Т.

2022 жылғы 25 сәуірде «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-да (МӘСҚ) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Қ.Дүйсенованың қатысуымен кеңес өтті. 

Отырыс барысында МӘСҚ қызметінің қорытындылары және алдағы уақыттағы басым міндеттері туралы МӘСҚ-ның Бас директоры Н.М.Кемел, сондай-ақ «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Вице-президенті А.Н. Немолчева әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру саласын дамыту туралы баяндамаларды жасады.

Отырыс барысында әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы көрсету, әлеуметтік аударымдарды төлеушілермен жұмыс жасау, азаматтардың өтініштеріне жауаптар дайындау және халықты әлеуметтік қорғау жүйесі, оның ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу талқыланды.

Министр Дүйсенова Т.Қ. МӘСҚ-ның қызметін жетілдіру, мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша бизнес-процестерді оңтайландыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін қамтуды кеңейту мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту бойынша тапсырмалар берді.

Наверх