2018 жылдың 28 қыркүйегінде Астана қаласында «Қазақстанның ең үздік әлеуметтік жобалары» атты республикалық көрмесі өтті.

Шараның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ.

Көрмені өткізудің мақсаты – ерекше сұранысқа ие тұлғалардың өмір спасын жақсартатуына септігін тигізетін және өмірлік қиын жағдайларға тап болған, соның ішінде жасы жеткен тұлғаларға, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға нақты көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік тиімділігі бар жүзеге асырылатын және құрылған әлеуметтік жобаларды қолдау болды.

Барлық аймақтарда ең үздік әлеуметтік жобаларды таңдау үшін комиссия құрылды. Авторлар өздерінің жұмыстары туралы аймақтық және республикалық комиссиялардың қарауларына ұсынған бейнероликтерде баяндап берді. Ең үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу құрамында үкіметтік емес ұйымдар қатысқан аймақтық комиссиялар, мүгедектер мәселесі бойынша әкімдердің кеңесшілері, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалдарының, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Мүгедектерді әлеуметтік қорғау бойынша үйлестіру кеңесінің өкілдері және басқа мүдделі тұлғалар деңгейінде өтті.

Конкурстың негізгі шарттары болып:

- Қазақстан Республикасында жүзеге асатын ең үздік бастамашы әлеуметтік жобаларды анықтау;

- ұсынылған әлеуметтік жобалардағы ең үздік практикаларды кең тарату;

- өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекеттің күшін, азаматтық қоғам, бизнес және азаматтардың өзін біріктіру.

Аумақтық конкурстың жеңімпаздары Астана қаласында өтетін салтанатты марапаттау рәсіміне қатысты.

Көрменің жұмыстарына: ҚР Мәжілісі мен Сенатының депутаттары, ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Үкіметінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, жергілікті атқарушы органдарының, «Нұр Отан» партиясының, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, ҚР Кәсіподақтар федерациясының, ҚР Жұмыс берушілер конфедерациясының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, соның ішінде қиын өмір жағдайына ұшыраған тұлғалар (отбасылар) қоғамдық бірлестіктер қатысты.

Наверх