Ағымдағы жылы Еңбек және халықты әлекуметтік қорғау министрлігі «Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік қызметкер» атағына ІІІ республикалық конкурсты өткізді.

Шара мақсаты – әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің мәртебесін арттырып, аталған саладағы ең озық тәжірибені анықтау.

Байқау «Зейнетақы жүйесінің үздік қызметкері», «Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің үздік қызметкері», «Үздік әлеуметтік қызметкер», «Медициналық-әлеуметтік мекеменің үздік қызметкері», «Үздік әлеуметтік үкіметтік емес ұйым», «Жұмыспен қамту орталығының үздік қызметкері», «Әлеуметтік саланың үздік ұйымдастырушы-менеджері», «Медициналық-әлеуметтік сараптаманың үздік қызметкері», «Үздік мемлекеттік еңбек инспекторы» және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» үздік қызметкері атты аталым бойынша екі кезеңде өткзілді.

Республикалық комиссияның шешімімен «Әлеуметтік сала жүйесіндегі үздік қызметкер» номинациясында «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Сабырова Айнагүл Мырзабекқызы жеңімпаз атанды.

Әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері күні қарсаңында жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі Еңбек күні мен Әлеуметтік қорғау қызметкерлері күніне орай «Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай» республикалық Форумы аясында өткізіледі.

Жеңімпаздарды құттықтай отыра министр Мәдина Әбілқасымова елімізде әлеуметтік қорғау жүйесінің жетіле беретіндігіне тоқталып, еңбек нарығындағы жаңа талаптарға бейімделіп, қазақстандықтарға уақытында және толық қолдау көрсету қажеттігін назарға алды.

«Әлеуметтік сақтандыру жүйесінде жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкерлер, зейнетақылар, медициналық және әлеуметтік мекемелер, жұмысқа орналастыру агенттіктері, еңбек инспекциялары және басқа да әлеуметтік қорғау мекемелері адаммен қашанда бірге. Сіздердің табанды еңбектеріңіз - мемлекеттің өз азаматтары туралы қамқорлығының көрсеткіші. Бүгін біз шын жүректен алғыс айтамыз және барлық әлеуметтік қызметкерлерді ортақ мерекемен құттықтаймыз!» -деді министр.

Наверх