Республикада ерекше қажеттіліктері бар 719 мыңнан астам адам тұрады. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау және олардың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады. 

2015 жылы Қазақстан Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияны және Конвенцияға Факультативтік хаттаманы (2023) ратификациялады, осыған орай он жылға жуық уақыт бойы оның ережелерін мүгедектігі бар адамдардың өмірінің барлық салаларына енгізу белсенді жүргізілуде. 

Мүгедектігі бар адамдар көп деңгейлі әлеуметтік қорғау жүйесімен қамтылған.

Мемлекет жұмыспен қамтылуына және табысына қарамастан мүгедектігі бар адамдарға мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақыға кепілдік береді, оларды оңалту бағдарламаларымен және компенсаторлық-техникалық құралдармен қамтамасыз етеді.

        Жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген жұмыс істейтін азаматтарға қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (Қор) еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындалады.

Ағымдағы жылдың 9 айында Қордан 96,2 мыңнан астам адам 28,2 млрд. теңге сомасына еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алды, оның орташа мөлшері – 45 943 теңгені құрады.

        Осы санаттың әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, ҚР Үкіметінің шешімі негізінде Қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің және мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақының мөлшері жыл сайын артып отырады. Ағымдағы жылы олар 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап және 1 шілдеден бастап екі рет арттырылды, жылдық көрсеткіште жалпы өсімі 23%-ды құрады. 

Мүгедектігі бар адамдарды жан-жақты әлеуметтік қолдаудың негізгі мақсаты – олардың қоғамға толыққанды қатысуы, өз әлеуеттерін іске асыру үшін жағдайлар мен мүмкіндіктер жасау.

Наверх