2017 жылдың 20-21 қыркүйегінде Астана қаласында «Әлеуметтік аударымдар – жұмыспен қамтылған халықты адекватты әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз ету» тақырыбына республикалық семинар (бұдан әрі – Семинар) өтетін болады.

Шараны ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ.

Семинарды өткізудің мақсаты мынадай негізгі сұрақтарды талқылау болып табылады:

- сақтандыру принциптері мен әлеуметтік әділеттілікті сақтай отырып әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру;

- халықты әлеуметтік сақтандырумен қамтылуын кеңейтудегі жаңа тәсілдерін жүзеге асыру;

- әлеуметтік аударымдар, сақтандыру жарналары мен міндетті зейнетақы жарналарын төлеу мәселелері бойынша мемлекеттік кіріс органдарының міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыру, сонымен қатар зейнетақымен қамтамасыз ету ұйымдарымен өзара әрекеттесу өзектілігі;

- әлеуметтік қорғаудың қосымша түрін қамтамасыз ету мақсатында жұмыспен қамтылған халыққа міндетті төлемдердің уақтылы және толық төлену қажеттілігінің маңыздылығы.

Семинардың аясында «Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» тақырыбына республикалық көрмені (бұдан әрі – Көрме) үздік әлеуметтік жобалардың авторларын марапаттау рәсімімен өткізу жоспарланып отыр.

Көрмені өткізудің мақсаты – мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсартуға көмектесетін және қиын жағдайларға тап болған адамдарға, оның ішінде жасы келген, мүмкіндігі шектеулі, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына, көп балалы және аз қамтылған отбасыларына және т.б. (бұдан әрі – өмір сүру жағдайы қиын адамдар) нақты көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік тиімді, іске асырылып жатқан әлеуметтік жобаларды қолдау.

Көрмеге үкіметтік емес ұйымдар, оның ішінде қаржыландыру көздеріне байланыссыз өмір сүру жағдайлары қиын жандарға нақты әлеуметтік көмек көрсететін және әлеуметтік-көмекке мұқтаж, аз қамтылған жандарды (жанұяларды) қолдаумен айналысатын қоғамдық бірлестіктер қатысады.

Барлық өңірлерде үздік әлеуметтік жобаларды іріктейтін комиссиялар құрылды. Үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу өңірлердегі комиссиялар деңгейінде жүзеге асырылады.

Өңірлік конкурстардың жеңімпаздары Республикалық комиссияның қарауына ұсынылады және 2017 жылғы қыркүйекте Көрмеде көрсетілетін болады.

Наверх