МӘСҚ қызмкеткерлері ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, өңірдегі тұрғындармен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің мәселелерін талқылау мақсатында Шығыс Қазақстан облысының еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізді.

МӘСҚ қызметкерлері Шығыс Қазақстан Облысының әкімінің орынбасары А.Б.Нүсіпова басшылығымен кеңеске қатысты. Кеңесте әлеуметтік-қаржы құрылымдарының және ШҚО мемлекеттік органдарының басшылары, Еңбек инспекциясы басқармасы, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Білім және денсаулық басқармалары, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменті, Кәсіпкерлер палатасы, Мемлекеттік кірістер департаменті, Кәсіподақтар орталығы, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы, БЖЗҚ, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшылары қатысты. Сонымен қатар видеоконферения байланысы режимінде аудан әкімдерінің орынбасарлары, Мемлекеттік кірістер басқармалары, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ, аудандық білім бөлімдерінің бухгалтерлері, аудан өңірлеріндегі облыстық білім жүйесі мекемелерінің бухгалтерлері, денсаулық сақтау жүйесінің бас дәрігерлері және бухгалтерлері қатысты.

МӘСҚ мамандары жаңа әлеуметтік-еңбек қатынастыры, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі, біріңғай жиынтық төлем және оның әлеуметтік төлем алудағы ықпалы туралы айтып өтті.

Өткізілген кеңестің нәтижесі бойынша облыс әкімінің орынбасары А.Б. Нүсіпова облысы аудандары әкімдерінің орынбасарларына және құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомасын қысқарту, төлеушілердің әлеуметтік аударымдарды төлеудін бақылауды қамтамасыз ету және дағдарысқа қарсы штаб жұмыстары бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар МӘСҚ мамандары "Өскемен Су арнасы" ЖШС ұжымымен кездесіп, халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша формасы ретінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі жайлы және заңнамалардағы өзгерістер туралы хабардар етті.

Кездесулер барысында, ұжым қызметкерлері МӘСҚ мамандарынан өз сұрақтарына жауап алды.

 Кездесулерге барлығы 281 адам қатысты.

Наверх