2018 жылдың 7-желтоқсанында «МӘСҚ» АҚ Президенті С.Дюсенова Қазақстан тарапынан Женева қаласында (Щвейцария) Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының (бұдан әрі – ХӘҚҚ) жаңа Бас хатшысын сайлау үшін кеңестің 37-Сессиясына қатысты.

Кеңестің деректері бойынша сайлауға 147 елден 120 өкілдік делегат қатысты және Бас хатшы лауазымына 79 үміткерден 5 кандидатура таңдалып алынды.

Төрт кезеңмен өткен сайлау нәтижесі бойынша ХӘҚҚ жаңа Бас хатшысы болып 2019 жылдан бастап 6 жыл мерзімге Марсело Аби-Рамия Кайтано мырза сайланды.

ХӘҚҚ – халықты әлеуметтік қорғау саласында бірыңғай әлемдік саясатты жүзеге асыратын ұйым.  

Әлемнің 147 елін біріктіретін қауымдастықтың бас­ты мақсаты халықаралық дең­­гейде ынтымақтастықты жү­зеге асыру және дамыту болып та­былады. ХӘҚҚ Халықаралық еңбек ұйымының қолдауымен 1927 жылы құрылған.

«МӘСҚ» АҚ 2012 жылдан бері ХӘҚҚ мүшесі, ал 2016 жылы техникалық комиссияның құрамына кірді.  

Наверх