2017 жылдың 3–5 желтоқсанында Алматы қаласына Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы (бұдан әрі – ХӘҚҚ) Техникалық комиссиясының мүшесі болып табылатын Малайзия әлеуметтік сақтандыру ұйымының жанындағы Оңалту орталығының Басқарушы директоры Доктор Хафэзем Хуссейн және Кәсіптік-техникалық менеджер Хайрунисса Мохтар ханым бастаған Малайзия делегациясы келді. Сапардың мақсаты «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Орталық) жұмысымен және «Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» республикалық көрмесінің жеңімпазы «Нұралау» жобасымен жан-жақты танысу.

Кездесуді ұйымдастыруда Қазақстан тарапынан ХӘҚҚ Ұйымдастыру, басқару және инновация бойынша техникалық комиссия Төрағасының орынбасары болып табылатын, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ (бұдан әрі – Қор) вице-президенті А.З.Нығматулин, сонымен бірге Халықаралық ұйымдармен жұмыс департаментінің бас маманы Ә.Қ.Қожахметов қатысты.

2017 жылдың 4 желтоқсанында Малайзия делегациясы «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК барып, онда кохлеарлық имплантаттарды қолдану бойынша операциядан кейінгі практикалық оңалту тәсілдері көрсетілді, сонымен қатар мүгедек адамдар үшін протездер дайындау бойынша жаңа технологиялармен таныстыру мақсатында экскурсия жүргізілді. Халықаралық делегаттармен кездесуге Орталық директоры Т.Қ.Нұғұманов және директордың орынбасары С.М.Смайыловалар бастаған қызметкерлер қатысты.

Орталық қызметінің презентациясы тыңдалғаннан кейін Малайзия әлеуметтік сақтандыру ұйымының жанындағы Оңалту орталығының қызметкерлеріне кохлеарлық импланттарды қолдану бойынша балалардың операциядан кейінгі есту қабілетін қалпына келтіру жөніндегі оңалту шаралары көрсетілді. Делегаттарға құрамына мүмкіндігі шектеулі адамдар мен мүгедектердің қоғамға барынша тез бейімделуі және араласуы үшін кохлеарлы имплантациямен пациенттерге уақытында коррекциялық және медико-психологиялық – педагогикалық жоғары білікті көмекті уақытында көрсету кіретін Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы жанындағы есту қабілетін қалпына келтіру тәсілдері көрсетілді.

Протездеу цехын аралау барысында делегаттарға 3–D сканерлеу және сандық принтерге шығару жолымен сау қолдарға барлық сәйкестік нормаларын сақтай отырып, мүмкіндігі шектеулі адамдарға сканерлеу тәсілі арқылы жаңа протездерді дайындаудағы инновациялық тәсілдер көрсетілді. 

Протездер дайындау бойынша цехты аралағаннан кейін Малайзия делегациясы, Орталық басшылығы және Қордың вице-президенті арасында бұдан әрі қарайғы екі мекеме арасындағы ынтымақтастықты талдау және тиісті меморандумды ресімдеп, қол қою талқыланды.  

5 желтоқсан күні Малайзиядан келген делегаттардың «Нұралау» жобасының басшыларымен кездесуі жоспарланған болатын, кездесу барысында Малайзия әлеуметтік сақтандыру ұйымының жанындағы Оңалту орталығының қызметкерлері мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға бейімделу киімдерін дайындайтын цехты аралап, Ардагерлер үйінде өткен мүкіндігі шектеулі адамдарға жобаның өнімдерін, яғни бейімделу киімдерінің көрсетіліміне қатысты.

Кейің қонақтар жобаның басшысы Сейтбекова Нұргүлмен тараптар арасындағы серіктестік келісімдерді одан әрі дамытуды талқылады. Малайзия тарапының Жобаның өнімдеріне қызығушылық танытуына байланысты халықаралық делегаттар Малайзия әлеуметтік сақтандыру ұйымының жанындағы Оңалту орталығына көрсету үшін «Нұралау» жобасының бейімдеу киімдерінің бірнеше данасын алуға ынта білдірді.

«Нұралау» жобасының басшылары цех қызметкерлерінің, оның ішінде үшеуі құлақтары естімейтін мүгедектер болып табылатын адамдардың қолмен жасаған киімдерінің бірнеше түрін берді.

Малайзия делегациясы «Нұралау» жобасының бейімделген киімдер үлгісінің бірнеше түрін: жауын өткізбейтін шекпен, арбада отыратын мүгедектерге аяқ қап, «Нұралау» эмблемасы бар ерлерге арналған спорт костюмі, әйелдерге үй киімі, костюм және ерлер күртесін алды.Кездесу нәтижелері бойынша өз ара қатынас туралы меморандум жобасын әзірлеу жоспарланған.

Наверх