Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы «МӘСҚ» АҚ Стратегиялық даму департаментінің директоры Болатбекова Гүлбағила «QAZAQSTAN» арнасының «Таңшолпан» бағдарламасы барысында айтып берді.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) жұмыс жасайтын азаматтарға қосымша қолдау көрсетеді.МӘСҚ төленетін әлеуметтік төлемдерді ресми жұмыс істегендер және ол үшін жұмыс беруші Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар аударған азаматтар алады.

МӘСҚ төленетін әлеуметтік төлемдерді ресми жұмыс істегендер және ол үшін жұмыс беруші Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар аударған азаматтар алады.

Әлеуметтік төлем мөлшері әлеуметтік аударымдар төленген табысқа және аударымдар төлену ұзақтығына байланысты.

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заң жобасымен еңбек ету қабілетінен айырылуы, асыраушысынан айырылуы, жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындаудың параметрлерін қайта қарау арқылы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін күшейту көзделген, оның ішінде:

  • міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілінің коэффициентін арттыру;
  • еңбек ету қабілетінен айырылуы бойынша төлемдерді орта есеппен емес, жеке еңбек ету қабілетінен айырылуы дәрежесі бойынша анықтау;
  • асырауындағылар санының коэффициентін арттыру;
  • жұмысынан айырылған адамдарға табысты алмастыру деңгейін өсіру;
  • жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлем алу ұзақтығын арттыру болып табылады.

Заңжобасын жүзеге асыру әлеуметтік қатер туған жағдайда жұмыс істейтін азаматтарды қамтамасыз етуге бағытталған.

Система обязательного социального страхования стала важнейшим и необходимым элементом социально-экономических отношений современного Казахстана. Ее принципиальное отличие от других видов страхования состоит в том, что она предоставляет защиту от материальной необеспеченности для работающих граждан и построена по принципу социальной справедливости.

МӘСҚ-нан төлемдер мен алдағы өзгерістер туралы МӘСҚ Стратегиялық даму департаментінің директоры Болатбекова Гүлбағила «QAZAQSTAN» арнасының «Таңшолпан» бағдарламасы барысында айтып берді.

Видеобейне келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://youtu.be/D9sNk6-Y1ks

Наверх