Міндетті әлеуметтік сақтандыру Қазақстан Республикасында 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істей бастады және ол жұмыс істейтін халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша деңгейі болып табылады.  

Әлеуметтік аударымдар төленген жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан

- еңбек ету қабілетінен айырылғанда;

- асыраушысынан айырылғанда;

- жұмысынан айырылғанда;

- жүктілігіне және босануына байланысты;

- жаңа туған баланы (балаларды) асырап алғанда;

-1 жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты жағдайларына әлеуметтік төлемдер төленеді.

Мемлекет Басшысы 2018 жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында еңбек өтілі мен төлем мөлшері арасындағы өзара байланысты күшейтуді тапсырды.

Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңының жаңа редакциядағы жобасы әзірледі.  

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заң Жобасының талқылауына шақырамыз

Заң жобасымен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының www.gfss.kz сайтының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру»/«Әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың жаңа әдістері» айдарында танысып, өз ойларынызды, пікір-ұсыныстарыңызды білдіре аласыз.

Наверх