Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында 2017 жылдың 04 шілдесінде жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша мобильді топ мүшелерімен «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ орталық аппараты мен филиалдары қызметкерлерінің арасында жемқорлыққа бейнеконференция режимінде кездесу өткізілді.

Мобильді топ құрамында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департамент басшысының орынбасары - Жазира Жылқышиева, «Нұр Отан» партиясы, париялық бақылау инспекторы – Серік Құлбаев қатысты.

Кездесуге «МӘСҚ» АҚ басшылығы, «МӘСҚ» АҚ орталық аппаратының қызметкерлері және 16 өңірлік филиалдар қатысып бейне байланыс режимінде Қазақстан Республикасының 2015-2025 жж. арналған Жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі ережелері мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң түсіндірілді, жемқорлық қылмыстары үшін сотталған адамдар туралы тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

Спикерлер қатысушыларды белсенді түрде азаматтық позиция танытуға шақырды және жемқорлыққа қарсы күрес жалпы қоғамдық міндет деп атап көрсетті, ал жүргізіліп отырған жемқорлыққа қарсы саясат ұраны «Пара берме және пара алма» деп аталады. 

Кездесу соңында ашық пікір алмасу болып, онда жемқорлыққа қарсы күрес, сонымен қатар ҚР халқының әлеуметтік қорғалуы сипатындағы мәселелерге тоқталды.

Соңғы 4 айда Қазақстан астанасында «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында арнайы жасақталған автобуста тұрақты түрде астана тұрғындары арасында жемқорлыққа қарсы мобильді топ ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Наверх