«МӘСҚ» АҚ мамандары Павлодар облысының еңбек ұжымдарымен ақпараттық кездесулер өткізді.

Кездесулердің мақсаты болып жұмыс істейтін халықтың әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу, халықты әлеуметтік қорғау мәселелері, «композиттік» қызметтерді көрсету және әлеуметтік-еңбек қатынастарындағы мәселелерді қайта әрекеттестіру, Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында (2018 жылдың қаңтар, қазан) 2019 жылдың 1 қаңтарынан БЖТ (Бірыңғай жинақтаушы төлем) енгізу болып табылады.

Барлығы 8 кездесу өткізілді, 394 адам қатысты.

«Нұр отан» партиясының алаңында, ҰҚП «Атамекен», «ЕЭҚ» АҚ, «Шығыс», «Вектор Павлодар» ЖШС, «Giessenhaus» ЖШС, «Металлогамма» ЖШС, «УПНК» ЖШС, «Арнайы экономикалық аймағының компанияларын басқару» АҚ кәсіпорындарының еңбек ұжымдарымен, Ефремовка ауылының тұрғындарымен, ШОБ өкілдерімен, бухгалтерлер клубымен (білім), Павлодар қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығында кездесулер өтті.

Сонымен қатар, МӘСҚ қызметкерлері Павлодар облысы әкімінің орынбасары М.М.Бегентаевтың басшылығымен өткен кеңеске қатысты. Кеңесте еңбек басқармасының басшылары, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, білім және денсаулық сақтау басқармалары, Мемлекеттік кірістер департаменті, Кәсіподақтар орталығы, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы, «БЖЗҚ» АҚ, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басшылары қатысты. Кеңестің жұмысы облыстың қала және аудан әкімдерінің әлеуметтік мәселелері бойынша орынбасарларының, Мемлекеттік кірістер басқармасының, Халықты жұмыспен қамту орталығының және кәсіподақ өкілдерінің қатысуымен бейнеконференция байланысы режимінде өтті.

Кеңес барысында МӘСҚ қызметкерлері бірігіп өткізетін түсіндірме жұмыс тәсілдерін өзгертуді және дағдарысқа қарсы штаб аясында міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомасын қысқарту мақсатында мемлекеттік органдармен қатынасты нығайтуды ұсынды.

Кеңес соңында әкім орынбасары М.М.Бегентаев қорытынды шығарды және ұсыныстар қабылдады.

МӘСҚ қызметкерлері халық арасында түсіндірме жұмыстарын күшейту мақсатында тұрақты негізде еліміздің барлық аймақтарында өткізетінін атап өту қажет.

Наверх