«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі – Заң жобасы) Мемлекет Басшысының 2018 жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында әзірленді. Мемлекет Басшысы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі әлеуметтік төлемдердің мөлшері мен еңбек өтілі арасындағы өзара байланысты күшейтуге тапсырма берді.

Осыған орай, 2018 жылдың 16 қарашасында Шымкент қаласында «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заң жобасы талқыланды. Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардар, қоғамдық ұйымдардар, кәсіподақ және мемлекеттік ұйым өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Шара барысында «МӘСҚ» АҚ Басқарушы директоры Н.Кемел Заңы жобасының негізгі бағыттары мен тұжырымдамасын түсіндіріп, Заң жобасының басты мақсаты Қордан тағайындалатын әлеуметтік төлемдердің параметрлерін қайта қарау арқылы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін күшейту болып табылатындығын атап өтті.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі Қазақстанда 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейді және жұмыспен қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша деңгейі болып табылады.

Наверх