2020 жылдың 18 ақпанында «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының» АҚ (бұдан әрі - МӘСҚ) мамандары жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен өткен халықпен кездесуге қатысты. Кездесу «Астаналық» сауда орталығының жұмыскерлері мен келушілеріне арналып өткізілді. Кездесу «Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы», «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы», «Жұмыспен қамту орталығы», «Медиацияны дамыту орталығы» және басқа да мекемелердің өкілдерінің қатысуымен өтті. Әрбір азамат өзіне керекті ақпарат алып, қалаған сұрағына жауап алды. Шараның ұйымдастырушылары болып Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ болып табылады. Іс-шараның өткізілу мақсаты – жастарды қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан және жас қазақстандықтарға бағытталған әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік бағдарламалармен таныстыру және қала тұрғындарына жеке сұрақтар бойынша консультациялық көмек беру.

Шара барысында МӘСҚ мамандары азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүесі бойынша, әлеуметтік төлем түрлері мен төлем мөлшері туралы сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар біріңғай жинақтық төлемді кім және қалай төлеу керетігі жөнінде толық ақпарат беріп, әлеуметтік аударымдарды уақытылы аудару және тексерудің маңызын атап өтті.

 Азаматтардың әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында МӘСҚ қызметкерлері тұрақты негізде консультациялық кездесулерге қатысады, Қазақстанның барлық өңірлеріндегі еңбек ұжымдарына ақпаратты түсіндіру жұмыстарын өткізеді және МӘСҚ филиалдарында ашық есік күндерін өткізіп тұрады. Халық пен заңды тұлғалар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын өткізу МӘСҚ негізгі қызметтерінің бірі болып табылады.

Наверх