«Бір тамшы қаным – жанға араша», – деп ақ ниетпен өмірі қыл үстінде жатқан жандарға қол ұшын созу мақсатында, МӘСҚ қызметкерлері, өз қалауларымен ұйымшылдық танытып, қан тапсырып, игілікті шараға қатысты.

Донорлық қанның жетіспеуі бүкіл Қазақстан үшін қазіргі көкейкесті мәселенің бірі. Түрлі іс-шаралар арқылы оған қоғамның үнемі назары аударылып келеді.Осы күнге дейін жасанды әрі тиімді қан алмастырушылар табылмаған, сондықтан донордың қаны көптеген науқастар үшін емдеудің тіпті өмірлерін сақтап қалудың жалғыз көзі болып табылады.

Донор болу – бұл құрметке лайық іс болып табылады.Сөйтіп, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметкерлері. сауапты іске үлес қосты.

Наверх