15-29 маусым аралығында Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының (бұдан әрі – ХӘҚҚ) Ұйымдастыру, басқару және инновациялар бойынша техникалық комиссиясының 15-Форумы өтті, онда өзекті тақырыптар бойынша көптеген сектораралық жобалар, сондай-ақ Техникалық комиссияның төмендегідей мәселелер:

1) ХӘҚҚ қолданыстағы басшылығын қайта қарау және жаңарту;

2) 2020-2022 жж. үш жылдық кезеңге Техникалық комиссияның міндеттері мен күтілетін нәтижелері бойынша жеке отырыстары өтті.

Отырысты ХӘҚҚ Бас хатшысы Марсело Аби-Рамиа Каэтано ашты және онлайн форматта вебинарға қатысушыларға алғыс білдірді.

Техникалық комиссияның төрағасы – Менеджмент, Доктор Мохаммед Азман бин Азиз Мохаммед өз сөзінде ХӘҚҚ Ұйымдастыру, басқару және инновациялар бойынша техникалық комиссияның әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы негізгі басымдықтарын атап өтті. Оның ішінде «Пандемия жағдайындағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі: дағдарыс кезіндегі тұрақтылық пен инновациялар» жобасын ұсынды.

Сонымен қатар, ХӘҚҚ басқару принциптерін жаңарту бойынша:

1) әлеуметтік қамсыздандыру және әкімшілері мен мекемелерінің арасындағы коммуникациялар;

2) жүйемен қамтуды кеңейту үшін әкімшілік шешімдер;

3) әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы актуарлық жұмыстар;

4) тұрақты жұмыспен қамтуға көмектесу;

5) әлеуметтік қамсыздандыру саласында адам ресурстарын басқару;

6) бизнестің үзіліссіз және тұрақтылығы жөнінде міндеттер қойылды.

Жұмыс барысында төтенше жағдай кезінде қашықтықтан қол жеткізу, коммуникациялық орта, сымсыз технологиялар штаттық жұмысты қолдау құралдарынан бұзылулар кезеңіндегі ұйымның жұмысын қолдайтын құралдарға айналатыны аталып өтілді.

Адам ресурстарын басқару әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мекемелердің оның тиімділігін бірнеше есе арттыруға қабілетті аса маңызды аспектілерінің бірі болып табылады.

Қазіргі кезеңде әлемде әлеуметтік-экономикалық қайта құру жағдайында, сондай-ақ жаһандану аясында кадрлардың кәсібилігіне ерекше мән беріледі, бұл басқару мен ұйымдастыруды оқытудың жаңа жолдарын іздеуге, адам ресурстарын басқарудың шетелдік әдістері мен практикасын дамытуға ынталандырады.

 

Наверх