2019 жылдың 1 қарашасында Нұр-сұлтан қаласында «Халықты әлеуметтік қорғауды жаңғырту жағдайындағы міндетті әлеуметтік сақтандыру» атты республикалық семинар өтті, онда қазақстандық сарапшылар мен әлеуметтік қызметкерлер Ресей, Грузия, Әзербайжан, Қырғызстан және Тәжікстандағы әріптестерімен бірлесіп әлеуметтік сақтандыруды дамыту перспективаларын талқылады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұйымдастырған іс-шараға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, Мемлекеттік аннуитеттік компания, Астана халықаралық қаржы, Халықты жұмыспен қамту орталығы және Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының өкілдері қатысты.

Семинар барысында келесі өзекті мәселелер талқыланды:

1) Әлемнің кейбір елдеріндегі әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі ерекшеліктер;

2) Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі өзекті мәселелерді талдау;

3) Халыққа тиімді қызмет көрсету мақсатында технологияларды қолдану (цифрландыру және автоматтандыру) практикасы;

4) бірыңғай әлеуметтік стандарттарын біріктіріп, іске асыруда әлеуметтік сақтандыру институттарының рөлі;

5) сақтандыру және әлеуметтік әділеттілік қағидаларын, сондай-ақ оны іске асыру тетіктерін сақтауды ескере отырып, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін жаңғырту міндеттері.

5) сақтандыру және әлеуметтік әділеттілік қағидаларын, сондай-ақ оны іске асыру тетіктерін сақтауды ескере отырып, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін жаңғырту міндеттері.

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ бас директоры Алмас Құрманов өз сөзінде қатысушылардың назарын әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жаңғырту жағдайында әлеуметтік сақтандыруды дамытуға аударды.

«2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу ұзақтығы мен әлеуметтік төлемдердің мөлшері арасындағы байланысты нығайтуды тапсырды. Осыған орай жаңа редакциядағы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заң жобасы әзірленді, ол қазір Парламент Мәжілісінде қаралуда. Заң жобасында еңбекке қабілеттілігінен, асыраушысынан және жұмысынан айрылу бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде қолданылатын параметрлер қайта қаралды. Бұл төлемдерді орта есеппен 30%-ға арттыруға мүмкіндік береді», – деді Құрманов.

Сондай-ақ, «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясында «адам өз құқығын дәлелдемейді, мемлекет өзінің міндеттемелерін орындауы керек» қағидаты бойынша технологияны проактивті түрде қолданып мемлекеттік қызметтерді дамыту қажеттілігін атап өтті.

Өз кезегінде Грузия, Қырғызстан және Тәжікстаннан келген қонақтар әлеуметтік сақтандыру жүйелерінің өз республикаларында қалай дамып келе жатқандығы туралы айтып берді.

Екінші панельдік сессияда қатысушылар әлеуметтік саланың қаржылық ағынын шоғырландыру мәселелерін талқылады.

«ӨСК» мемлекеттік аннуитеттік компаниясы» АҚ-ның басқарма төрағасы Ғалым Әмірқожаев өзінің еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан қызметкерлерді міндетті сақтандыру қажеттілігі туралы айтты.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушы директоры Айдар Қазыбаев «Әлеуметтік облигациялар әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландырудың жаңа формасы ретінде» тақырыбында баяндама жасады.

Ресей Федерациясының Зейнетақы қорының өкілі Елена Петина қатысушылармен «Мүгедектердің федералды тізілімі» және «Мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандырудың бірыңғай ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйелерін құру тәжірибесімен бөлісті.

Семинарды қорытындылай келе, қатысушылар талқылаудың өзектілігін атап өтті және іс-шара ұйымдастырушыларына әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамыту бойынша тәжірибе алмасу мүмкіндігі үшін алғыстарын білдірді.

Наверх