МӘСҚ қызметкерлері Астана қаласының тұрғындарымен «Хан шатыр» ойын-сауық орталығында қайта кездесті.

Кездесу «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерімен және Астана қаласы әкімдігі өкілдерінің қатысуымен өтті.

Осы шараны өткізу мақсаты болып азаматтарды ұсынылатын мемлекеттік қызметтермен ақпараттандыруды жоғарлату болып табылады. Кездесу барысында ойын сауық орталығының келушілер мамандардан кеңес алып, өз сұрақтарына жауап алды. МӘСҚ мамандары азаматтарға Қор тарапынан кімнің әлеуметтік төлем алуға құқығы барын, есептеу қалай жүргізілетінін, төлем алудың қаңдай ерекшеліктері бар және қайда жүгіну қажет екендігі жөнінде кеңес берді.

 МӘСҚ қызметкерлері әрдайым халықпен, еңбек ұжымдарымен, жергілікті атқарушы органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен кездесулер, бірлескен дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізетінін атап өту қажет.

Наверх