2018 жылғы 7 ақпанда Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша МӘСҚ филиалдарында Ашық есік күні өтті.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысты мәселелердің заманауи жай-күйін азаматтарға түсіндіріп, халыққа әлеуметтік салада мемлекет тарапынан қолдаудың шаралары туралы насихаттауды жалғастыруда.

Шараға Кәсіпкерлер палатасының, «НұрОтан» партиясы филиалының, Мемлекеттік аннуитеттік компаниясының, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, Кәсіподақ орталығының, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің, Электрондық үкіметтің Бірыңғай байланыс орталығының (1414) және медициналық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Аталған іс-шараға келгендер әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жаңарулары туралы, МӘСҚ кімнің төлем алуға құқығы барын, есептеу қалай жүргізіледі, алудың қаңдай ерекшеліктері бар және қайда жүгіну қажет екендігін білуге мүмкіндік алды.

Іс-шараға қатысушыларға өздерін қызықтыратын барлық сауалдар мен жеке кеңес алу мүмкіндігі берілді.Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры Ашық есік күнін тұрақты түрде өткізеді. Дәл осы күні кез-келген адам Қордаң қажетті қызмет алып қана қоймай, сонымен қатар әлеуметтік сақтандыру жүйесі және Қордың жалпы жұмысы жайлы жаңа мәлімет ала алады.

Наверх