2020 жылдың 27 қарашасында онлайн режимінде Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығының (бұдан әрі - ХЗӘҚҚ немесе Қауымдастық) жалпы жиналысы өтті. Жиналысқа 9 елдің: Әзірбайжан, Грузия, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан, Молдова, Өзбекстан және Қазақстанның әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерінің өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде Қауымдастықтың ревизиялық комиссиясының есебі тыңдалып, ТМД елдерінің зейнетақы қорлары арасындағы ақпараттық өзара жұмысы, ХЗӘҚҚ-ның 2021-2022 жылдарға арналған халықаралық конференцияларын өткізу және ХЗӘҚҚ -ның 30 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, жиналыста Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Бас директоры Курманов А.М. бірауыздан ХЗӘҚҚ-ның төрағасы болып тағайындалды.

Курманов А.М. көрсетілген сенімге алғысын білдіре отырып, осындай қиын кезеңде Қауымдастық мүшелерінің өзара түсіністігі аса маңызды екенің және әлеуметтік қамсыздандыру саласында жиналған тәжіриебе әр елге және тұтастай Қауымдастықтың өзінеде пайдасын тигізетінін атап өтті.  

ХЗӘҚҚ 1992 жылы ақпан айында құрылды. Қазіргі кезде ТМД-ның 9 елінен 11 зейнетақы және әлеуметтік қорлары мен ұйымдары Қауымдастықтың құрылтайшылары болып саналады. ХЗӘҚҚ басты мақсаты қауымдастық мүшелерінің арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қолдау және дамыту болып табылады.

Наверх