Турнирге Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігі (ҚР ЕХӘҚМ), Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті (ЕӘҚКК), Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты (ЕҚРҒЗИ), Еңбек ресурстарын дамыту орталығы (ЕРДО), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) және «Мемлекеттік аннуитеттік компания» Өмірді сақтандыру компаниясы» (МАК) командалары қатысты.

Топтық турнирдің алғашқы ойында МӘСҚ құрама командасы МАК командасымен қажырлы күресте 3:1 есебімен жеңді. ЕРДО командасымен өткізілген келесі ойынды тең ойнады (1:1). Жартылай финалда МӘСҚ құрамасы ҚР ЕХӘҚМ командасымен кездесті және 5:2 есебімен жеңді.

Финалда біздің команда тағы ЕРДО кездесті және қажырлы күресте екінші орынға ие болды. Жарыс қорытындысы бойынша МӘСҚ құрамасының ойыншысы Дәден Ахмет «Үздік ойыншы» атағына ие болды.

Наверх