Қызметкерлерді құттықтай отырып, «МӘСҚ» АҚ Президенті Сәуле Дюсенова, Тәуелсіздік күні – қазіргі Қазақстанның басты мемлекеттік мейрамы екенін атап өтті. Бұл жаңа зайырлы және тәуелсіз еліміздің Қазақстан Республикасының пайда болғанын көрсетеді. Бұл мейрам біздің еліміздің бостандығы мен тәуелсіздігінің символы болып табылады.

Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай мәнерлеп оқу конкурсы ұйымдастырылды. Конкурстың мақсаты - Қазақстан халқының тіліне және әдебиетіне деген қызығушылығын ояту, мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту және тілдік құзыреттілікті арттыру.

Қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың арқасында конкурста барлық Республика бойынша Қордың барлық филиалдардың қатысуына мүмкіндік болды (онлайн түрде).

    Әділқазылар алқасының мүшелері төмендегі сипаттарға сәйкес ең жақсы мәнерлеп оқығандарды анықтады:

 техника, лекция (айтудың анықтылығы);

 логикалық мәнерлеу және интонация;

 таңдаған шығармашылық тексттің көлемі мен күрделілігі.

Конкурс қорытындысы бойынша Орталық аппарат қызметкерлері арасында 1-орынды Ақпараттық қауіпсіздік қызметінің ақпараттық қауіпсіздік бойынша маманы Бұлбан Азамат Серікбайұлы, 2-орынды Ішкі әкімшілік департаментінің штаттан тыс қызметкері Сапина Мадина Қалдыбайқызы, 3-орынды Әлеуметтік аударымдарға талдау және төлеушілермен жұмыс департаментінің жетекші маманы Олжабай Мұхаметжанұлы Бейсенбаев алды, Халықаралық ұйымдармен жұмыс департаментінің жетекші маманы Гүлназ Қайратқызы Утароваға алғыс жарияланды.

Әділқазылар төрағасы ұйымдастырушылар мен белсенді қызметкерлерді, сонымен қатар осындай шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Қордың ерекшеленген қызметкерлері құрмет грамоталарымен марапатталды.

Наверх