Іс-шараға Парламент депутаттары, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық пікір көшбасшылары, қоғам қайраткерлері, бизнес өкілдері, мемлекеттік органдардың және әлеуметтік қорлар басшылары қатысты.

Сарапшылар бейресми жұмыспен қамту мәселелерін, бірыңғай жиынтық төлемді енгізуді, жұмыспен қамтылған халықты жіктеуді, статистикалық есепті жетілдіруді талқылады.

Бүгінгі күні салық және әкімшілік-құқықтық шаралар жиынтығын қарастыратын жұмыспен қамтуды ресімдеу туралы заң жобасы әзірленді.

Заң жобасының шеңберінде бірыңғай жиынтық төлемді енгізу арқылы тіркеуді жеңілдету және салық ауыртпалығын жеңілдету көзделген (бұдан әрі - БЖТ). БЖТ бейресми өзін-өзі жұмыспен қамтыған жұмысшы өз қызметі туралы хабардар ететін және жеңілдетілген жағдайда жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік төлемдерді және медициналық сақтандыруды төлейтін бірден бір құрал болып табыладыБЖТ төлеушілер үшін салық пен әлеуметтік төлемдер бойынша төмен тарифтер жалпы режимге қарағанда айқын болады.БЖТ көлемі нақты белгіленеді, яғни әр түрлі әлеуметтік қорларға жарналар сомасын дербес есептеу болмайды.

Сонымен қатар, Заң жобасының шеңберінде жұмысқа орналастырылған халықтың нақты жіктелуін айқындау, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік қолдау шараларын анықтау үшін шаралар қабылданды.

Наверх