Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауына сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) еліміздегі азаматтардың әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуде үнемі кең ауқымды жұмыстар атқаруда.

Тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын одан әрі жалғастыру және күшейту мақсатында МӘСҚ қызметкерлері Жамбыл облысының еңбек ұжымдарымен және кәсіпкерлерімен кездесіп, облыс әкімінің орынбасары Бекболат Орынбеков жетекшілігімен әлеуметтік-еңбек саладағы мәселелер бойынша кеңес жұмысына қатысты.

Кеңеске Жамбыл облысының келесідей әлеуметтік-қаржылық құрылымдардың басшылары қатысты: Мемлекеттік кірістер департаменті, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Жұмыспен қамту орталығы, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы» филиалы, Кәсіпкерлері палатасы, өңірлік кәсіподақтар ұйымдары және т.б..

МӘСҚ мамандары қатысушыларды міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі бойынша халыққа түсіндіруді ұлғайту жұмыстары туралы және Жамбыл облысының Жұмыспен қамту орталығы бойынша жұмысынан айырылған жағдайда «композиттік» қызмет көрсету бойынша ақпарат берді.Жиналғандардың алдында МӘСҚ мамандары әлеуметтік аударымдардың уақытылы төленуіне, дағдарысқа қарсы штабтың жұмысына, мемлекеттік органдар мен МӘСҚ филиалдарының өзара әрекеттесу қажеттілігіне, кәсіподақтардың, Кәсіпкерлер палатасы жұмыстарының маңыздылығына аса назар аударды.Кеңес қорытындысы бойынша келесідей қорытындылар шығарылды: МӘСҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының мамандарын Дағдарысқа қарсы штаб құрамына енгізу мәселесін қарастыру және әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомасын төмендету жұмыстарын күшейту.

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы негізінде Тараз қаласының кәсіпкерлерімен және мемлекеттік кәсіпорындардын есепшілерімен кездесу ұйымдастырылды, кездесу барысында әлеуметтік аударымдар мен зейнетақы жарналарының дұрыс төлену мәселелері қарастырылды, әлеуметтік-еңбек және салық саласындағы заңнамаларға өзгерістер енгізуге қатысты мәселелер қаралды.Сондай-ақ, №4 Тараз қалалық емхана қызметкерлерімен және Жамбыл облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы келушілермен кездесу өткізілді. Кездесу барысында Қор қызметкерлері қатысушыларды толғандыратын сұрақтарына жауап беріп, әлеуметтік төлемдерді алу туралы құқықтарын түсіндірді.

Наверх