Мемлекет Басшысы Жолдауының ережелерін түсіндіру, еңбек ету қабілетінен және жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемдер, мемлекеттік қызмет сапасын арттыру, жұмыспен қамту және зейнетақы мәселелері - «МӘСҚ» АҚ қызметкерлерінің Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесулердің негізгі тақырыптары

Ақтөбе облысына сапар «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының негізінде жеке кәсіпкерлермен және кіші және орта бизнес қауымдастығының басшыларымен кездесуден басталды. Салалық кәсіподақтардың төрағалары мен білім басқармасының есепшілерімен кездесу өткеннен кейін, МӘСҚ қызметкерлері Жұмыспен қамту орталығының еңбек ұжымымен кездесті.

Кездесулерге 220 адам қатысты, Қазақстандағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жұмысы туралы түсініктемелер беріліп, жүйеге қатысушылардың қандай басымдықтары бар, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне неліктен қатысу қажеттілігі, әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарын дұрыс төлеуге, әлеуметтік-еңбек және салық саласындағы заңнамаларға енгізілетін өзгерістерге қатысты мәселелер қаралды, ҚР Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы әлеуметтік-еңбек қатынастары мәселелерінің өзара байланысын жүзеге асыру бойынша түсіндірмелер берілді.Кездесу барысында қатысушыларды толғандыратын барлық сұрақтарға жауап берілді.

Бұдан кейін МӘСҚ қызметкерлері облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиевтің жетекшілігімен өткен әлеуметтік-еңбек саладағы мәселелер бойынша кеңес жұмысына қатысты. Кеңеске Ақтөбе облысының мемлекеттік органдары мен әлеуметтік-қаржылық құрылымдарының басшылары: Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті, «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ филиалы, БЖЗҚ, Мемлекеттік аннуитеттік компания, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Жұмыспен қамту орталығы, «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы мен кәсіподақтар орталығы және Ақтөбе облыс аудандары әкімдерінің орынбасарлары (бейнебайланыс арқылы) қатысты.

МӘСҚ мамандары мемлекеттік,қоғамдық және қаржы мекемелер басшыларының міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен халықтың қамтылуын арттыру, Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысынан айырылған жағдайда «композиттік» қызмет көрсету бойынша қатысушыларды ақпараттандырды және әлеуметтік аударымдардың уақтылы және толық төленуінің маңыздылығына, дағдарысқа қарсы штабтың жұмысына, МӘСҚ филиалдарының мемлекеттік органдармен, кәсіподақтармен, кәсіпкерлер палатасымен өзара бірлескен жұмыстарын күшейту қажеттілігі мәселелеріне назар аударды.

Сонымен қатар қатысушыларға, облыс аудандары бойынша жұмыскерлердің әлеуметтік аударымдары тұралы толық ақпарат алу үшін «МӘСҚ» АҚ сайтындағы «Әлеуметтік сақтандыру көрсеткіштерінің картасы» көрсетілді.

Өткізілген кеңестің нәтижесі бойынша облыс әкімінің орынбасары Нұрғалиев Е.Ж. мемлекеттік кірістер құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына және Ақтөбе облысы аудандары әкімдерінің орынбасарларына әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомасын қысқарту, төлеушілердің әлеуметтік аударымдарды төлеудін бақылауды қамтамасыз ету және дағдарысқа қарсы штаб жұмыстары бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Наверх