Қазақстанда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілген сәттен бастап 4 млн. жуық адам МӘСҚ-нан жалпы сомасы 905 млрд. теңгеден астам әлеуметтік төлемдер алған.

Орталық коммуникациялар қызметінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің елімізде қызмет атқаруының өзекті аспектілеріне арналған баспасөз конференциясы өтті.

Іс-шараға «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның президенті Сәуле Дүйсенова қатысты.

«2017 жылы 772 мыңнан астам қазақстандықтар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 156,5 млрд. теңге мөлшерінде әлеуметтік төлемдер алды. Міндетті әлеуметтік сақтандыру – бұл еңбек ету қабілетінен, отбасы асыраушысынан, жұмысынан айырылғанда, жүктілігіне және босануына байланысты немесе жаңа туған баланы асырап алғанда, сонымен қатар бала 1 жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдай туындағанда, жұмыс істейтін халықты қолдау үшін қосымша қорғау деңгейі.Осы аталған жағдайларда жүйеге қатысушы (демек, ол үшін әлеуметтік аударымдар жүргізген жағдайда) немесе оның отбасы мемлекет төлейтін әлеуметтік жәрдемақыларға қосымша МӘСҚ әлеуметтік төлемдер алады», – деп атап өтті «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның президенті Сәуле Дүйсенова.

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік аударымдар 5,9 млн.адамға төленді.

Видеобейне келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://scontent.ftse3-1.fna.fbcdn.net/v/t42.1790-29/10000000_336131553568954_4168474667977277440_n.mp4?efg=eyJ2ZW5jb2RlX3RhZyI6InNkIn0%3D&oh=0c9537ed1eb42674fb1533b2658cb0ac&oe=5A7B113D

Наверх