Азаматтардың әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында МӘСҚ қызметкерлері Қарағанды облысының еңбек ұжымдарымен және кәсіпкерлерімен кездесті.

Халықпен кездесулер барысында «МӘСҚ» АҚ мамандары әлеуметтік сақтандыру жүйесі және оның түрлері, заңнамалық актілердегі түзетулер мен толықтырулар, әлеуметтік төлемдерді аудару ережелері және Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында (2018 жылдың қаңтар, қазан айлары) 2019 жылдың 1 қаңтарынан БЖТ (Бірыңғай жинақтаушы төлем) енгізгені жайында түсіндіріп өтті. БЖТ заңды түрде енгізудің мәселесі бойынша уақытша – экономикалық режимі ретінде үлкен қызығушылық пен көп сұрақтардың тууына әкелді.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары А.Қ.Аймағамбетовтың басшылығымен МӘСҚ қызметкерлерінің қатысуымен Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысынын орынбасары, Қарағанды облысы бойынша Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, Қарағанды облысы бойынша Еңбек инспекциясы басқармасы басшысы, Қарағанды облысы Кәсіпкерлері палатасының басшысының, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы» КЕАҚ Департаменті директорының орынбасары, Қарағанды облысы бойынша кәсіподақтар ұйымдарының өңірлік өкілдерімен бірлескен жұмыс кездесуі өткізілді.

По итогам работы были приняты Рекомендации Совещания и даны конкретные поручения.

Кеңес барысында «МӘСҚ» АҚ мамандары әлеуметтік аударымдарды уақытылы әрі толық аударудың маңыздылығын, дағдарысқа қарсы штаб жұмысын, МӘСҚ филиалдарының мемелекеттік органдармен бірігіп жұмыс атқаруын және кәсіподақ пен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының жұмысына аса көңіл аударды.

Жалпы ақпаратпен қамтылғандар саны 551 адам.

Наверх