Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауына сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) еліміздегі азаматтардың әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуде үнемі кең ауқымды жұмыстар атқаруда.

МӘСҚ қызметкерлері еңбек ұжымдарымен, жергілікті атқарушы органдармен және қоғамдық бірлестіктерде кездесулер өткізеді, ортақ дөңгелек үстелдер, халыққа көшпелі семинарлар өткізеді.

Қордың мамандары азаматтарды міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы ақпарат береді, ҚР әлеуметтік-еңбек саласының алдағы модернизациялаудың негізгі бағыттарымен, «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық түрде мемлекеттік қызмет алу мүмкіндігімен таныстырады, Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жоспарлық мақаласының ережелерін түсіндіреді.

Ағымдағы жылдың 13 қазанында Павлодар облысының әкімдігінде әкімнің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасары М.М. Бегентаевтың жетекшілігімен МӘСҚ қызметкерлерінің, Еңбек басқармасы басшысының м.а., Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының, Павлодар қаласының Жұмыспен қамту орталығы директорының, Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы директоры орынбасарының, «Павлодар облысының кәсіподақ орталығы» төрағасы орынбасарының және Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымының төрағасының қатысуымен бірлескен жиналыс өткізілді.

МӘСҚ мамандары қатысушыларды міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі бойынша халыққа түсіндіруді ұлғайту жұмыстары туралы және Павлодар облысының Жұмыспен қамту орталығы бойынша жұмысынан айырылған жағдайда «композиттік» қызмет көрсету бойынша ақпарат берді.

Жиналғандардың алдында МӘСҚ мамандары әлеуметтік аударымдардың уақытылы төленуіне, дағдарысқа қарсы штабтың жұмысына, мемлекеттік органдар мен МӘСҚ филиалдарының өзара әрекеттесу қажеттілігіне, кәсіподақтардың, Кәсіпкерлер палатасы жұмыстарының маңыздылығына аса назар аударды.

Отырыс қорытындысы бойынша келесідей қорытындылар шығарылды: МӘСҚ Павлодар облысы бойынша филиалының мамандарын Дағдарысқа қарсы штаб құрамына енгізу, Мемлекеттік кірістер департаментіне әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша қарыз кәсіпорындардың тізімін тоқсан сайын ұсыну мәселесін қарастыру, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен МӘСҚ филиалы бірлесіп жұмыс тәртібінде жұмысынан айрылған жағдайда жәрдемақы алу бойынша «композиттік» қызметтерді көрсетуге талдау жүргізу.

Сонымен қатар, «Жас дарын» арнайы мектебі аясында азаматтарды әлеуметтік қорғау мәселері, халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша формасы ретінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы, заңнамалардағы өзгерістер бойынша облыстың оқу орындарының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.

Еліміздің әр азаматы мүгедектік, жұмысынан айырылғанда, асыраушысынан айырылғанда, жүктілігіне және босануына, бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдерді алу бойынша мемлекет ұсынып отырған құқық мен мүмкіндікті жүзеге асыру қажеттілігіне аса назар аударылды.

Наверх