Сырдаринский 2

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мобильді тобы Қызылорда облысының аудандарын аралауды жалғастыруда.  

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Бас директоры Нұрсұлу Кемел Жалағаш ауданының М.Шәменов атындағы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында Әлеуметтік кодекс жобасының нормалары, оның ішінде балалы отбасыларды қолдау, арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғырту, зейнетақы жүйесін дамыту, жұмыспен қамтудың жаңа саясаты талқыланды.  

Сонымен қатар, Нұрсұлу Кемел Сырдария ауданының Ақжарма ауылдық округіне барды. Кездесуге қатысушыларға бір жарым жасқа дейінгі бала күтіміне төлемдердің ұзақтығын ұлғайту, зейнетақы төлемдері мен жұмысынан айырылуы жағдайына төлемдердің мөлшерін арттыру, сондай-ақ, Отбасының цифрлық картасы жөнінде түсініктемелер берілді.

Наверх