Шығыс Қазақстан облысында жаңа редакциядағы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заң жобасы талқыланды

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі – Заң жобасы) Мемлекет Басшысының 2018 жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында әзірленді. Мемлекет Басшысы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі әлеуметтік төлемдердің мөлшері мен еңбек өтілі арасындағы өзара байланысты күшейтуге тапсырма берді.

Осыған орай, 2018 жылдың 21 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заң жобасы талқыланды. Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардар, қоғамдық ұйымдардар, кәсіподақ және мемлекеттік ұйым өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Заң жобасының негізгі мақсаты МӘСҚ-дағы әлеуметтік төлемдерді тағайындау параметрлерін қайта қарау жолымен міндетті әлеуметтік сақтандырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін нығайту болып табылады.

Жиынға қатысушылар әлеуметтік жеңілдіктер берудің параметрлерін өзгертуге ұсынылған тәсілдерді қолдап, жұмыс істейтін азаматтар үшін міндетті әлеуметтік сақтандырудың маңыздылығын жан-жақты атап өтті.

Наверх