Солтүстік Қазақстан облысында жаңа редакциядағы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы талқыланды

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңының жобасын (Заң жобасы) талқылау Солтүстік Қазақстан облысының қоғамдық ұйымдары,мемлекеттік органдары, оқу орындардың студенттері мен мұғалімдері және «Атамекен» кәсіпкерлер палата өкілдерінің қатысуымен өтті. Оған қоса, кездесулерге видеобайланыс арқылы аудан әкімдігінің басшылары мен қызметкерлері, қалалық және облыстық маслихаттардың депутаттары қатысты. Сонымен қатар, «Qyzyljar», «Первый Северный» телеарна өкілдері және «Солтүстік Қазақстан» және «Северный Казахстан» облыстық газеттердің журналистері де қатысты.

Кездесуде заң жобасының басты өзгерістері, еңбек ету қабілетінен айырылғанда, асыраушысынан айырылғанда, жұмысынан айырылғанда және бала бір жасқа толғанға дейінгі оның күтіміне байланысты әлеуметтік төлем параметрлерінің өзгеруі бойынша ұсыныстар қарастырылды.

Заң жобасының негізгі мақсаты МӘСҚ-дағы әлеуметтік төлемдерді тағайындау параметрлерін қайта қарау жолымен міндетті әлеуметтік сақтандырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін нығайту болып табылады.

«МӘСҚ» АҚ Президентінің кеңесшісі Ферхо С.И жүйенің қызмет ету уақытында әлеуметтік төлемді тағайындау параметрлері тұжырымдамалы қарастырылмағаның атап өтті. Сондықтан әлеуметтік төлемдердің төлем мөлшері және жұмыс істейтін азаматардың көбі үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде ынталандырудың болмауы бүгінде өзекті мәселелер болып табылады.

Әлеуметтік аударымдардың мөлшерін аударған жағдайда әлеуметтік төлемдердің мөлшері ұлғаяды, соның арқасында тұрмыстық сапа артатынын қатысушылар атап өтті. Кездесулердің соныңда қатысушылар өз сұрақтарына жауап алды.

Наверх